МӘДЕНИЕТ

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан Гиннес рекорды орнатылмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Kazgazeta.kz

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан Гиннес рекордын орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тоғызқұмалақ ойынын ойнаудан Гиннес рекордын орнату іс-шарасына қатысу үшін бірінші кезекте мына сілтемеге өтіп, тіркеу формасын толтыру қажет. Сұранысқа қатысушылардың жеке ақпараттары жазылуы керек. Өйткені әр қатысушыға рекорд орнату іс-шарасына қатысқанын растайтын диплом беріледі

Қатысу шарты: 9 қыркүйек күні сағат 9:00-10:00 арасында мектеп, университет, колледж, жұмыс мекемесі қабырғасында өздеріңізде бар тоғызқұмалақ тақталарымен қатысушылар арасында блиц түрі бойынша ойын ойнайсыздар. Ойын барысынан фото, видео деректерді әлеуметтік желіге (instagram, tik-tok, facebook) парақшаларына келесідей хештегтерді қолдана отырып жүктеу қажет. Хештегтер:  #9qq  #9qqrecord